Алматыда коронавирустың жасырын ошақтары анықталуда
Алматыда коронавирустың жасырын ошақтары анықталуда
© Алматы әкімдігі
2,230
оқылды
Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында коронавирустық инфекцияның жасырын ошақтарын анықтау жұмыстары жалғасатынын айтты. «Біздің мақсатымыз – халық арасындағы індеттің жабық ошақтарын анықтау, бұл бағыттағы тексеру жұмыстары жалғаса береді. Өйткені кейбір адамдарда бұл ауру еш белгісіз өтсе, кейбір тұрғындар дәрігерге жүгінбеуі мүмкін, сондықтан осындай ошақтарды қатаң тексеру қажет»,–дейді Айзат Молдағасымова. Сондай-ақ, ол экспресс-тест бойынша соңғы тәулікте 1064 адамды тексергендерін айтты. «Бұл әскери институттар, ҰҚК академиясы, «Көк базар», «Барыс», «Магнум» сауда орыны, банк, пошта, балалар және қарттар үйі, 4 клиника және бірнеше поликлиника қызметкерлерін қамтыдық»,– деді ол.