Қытайдан келген дәрігерлер өңірлерге барады
Қытайдан келген дәрігерлер өңірлерге барады
© 24.kz
180
оқылды
Өткен аптада Нұр-Сұлтанға қазақстандық әріптестерімен кеңесу үшін келген 10 адамнан тұратын Қытай дәрігерлері екі күннен кейін Қарағандыға барады, - деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. Олар тәжірибелерімен бөліседі, бейнеконференцияларға қатысып, отандық дәрігерлердің сұрақтарына жауап береді. 15 сәуірде Шыңжаң дәрігерлері Қарағандыға, содан кейін Алматыға барады. Қытайдың танылған медицина мамандары біздің елдегі коронавирус инфекциясымен күрес алгоритмімен және емдеу әдістерімен танысқан кезде Қазақстандағы медицина деңгейі айтарлықтай жоғары деңгейде екенін атап өтті.