Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 20 сәуірден бастап Алматыда қызмет көрсету саласының кейбір секторлары толық жұмыс режимінде істейтінін айтты.
«Алматы қаласы бойынша сәуірдің үшінші онкүндігінде өнеркәсіптің барлық салалары, қоймалау, құрылыс, екінші деңгейдегі банк қызметкерлерінің 50 пайызына дейін, қызмет көрсету саласының кейбір секторлары толық жұмыс күні режиміне көшеді», - деді министр телеарна арқылы өткен онлайн брифинг барысында.
Оның сөзіне қарағанда, осы орайда Алматы қаласында 128 мың адам жұмысын жалғастырады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ауру жұғу қаупі ең аз деген кәсіпорындар іске қосылатынын айтты.
Сонымен қатар, министр елордада 20 сәуірден бастап жұмысы жанданатын кәсіпорындарды атады.