Елдегі автобизнес дамуда
Елдегі автобизнес дамуда
235
оқылды
Қазақстан автобизнес қауымдастығының ақпара­тына сәйкес, 2020 жылдың алғашқы үш айында қазақ­стан­дықтар жаңа жеңіл кө­ліктерді, жүк көліктерін және автобустарды сатып алуға 168 млрд теңге жұмсаған екен. Бұл дегеніміз – Қазақстанның автонарығы осы жылдың қаңтар-ақпан айларында қалыпты сау­да тұрақтылығын көрсетті. Се­бебі наурыз айының өзінде 40 па­йыздық өсімге жетіпті. Қауым­дастықтың хабарлауынша, жалпы бірінші тоқсанда ел бойынша 17 846 көлік сатылған. «Күткеніміздей, наурызда кө­лік сатылымы 40 пайыздық өсім­ді көрсетті. Ең бірінші ке­зекте ха­лықтың автокөлікке деген сұ­ранысы және ұлттық валюта­ның әлсіреуі аясында сатып алу­шылардың бағаның өсіп кетуі­нен қауіптенуі себеп. Әйтсе де, нау­рыз айының соңында елде ка­рантин жарияланып, мамандан­дырылған ХОҚ-тар жабылып қал­ғандықтан, көлік тіркеу жүйесі жұ­мысын тоқтатты. Мемл­екет қазіргі таңда көліктерді онлайн ре­жимде тіркеуге өткізіп, диллерлер­ді жігер­л­ендіруге барын салу­да. Сәуір автобизнес үшін оңай­ға түспейін деп тұр», – дейді Қа­зақстан авто­бизнес қауымдастығы­ның вице-президенті Анар Мақашева. Алғашқы тоқсанда Қазақ­станда ең көп сатылған бренд­тердің төрттігіне Lada (3 539), Hyundai (3 094), Toyota (2 653), Ravon (1 873 авто) кірді.  

Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ