Ауладағы ойын, спорт алаңында жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады
Ауладағы ойын, спорт алаңында жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады
© inform.kz
276
оқылды
Ауладағы ойын, спорт алаңында жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов айтты. «Балаларға ойын және спорт алаңында жүруге тыйым салынған. Әкімдікпен бірге барлық балалар және спорт алаңдарын арнайы лентамен қоршап қойдық. Ол жерде спортпен айналысуға, ойнауға болмайтындығы туралы арнаулы белгі бар. Егер қазіргі уақытта ол жерде адамдар балаларымен бірге жүрсе, онда олар жауапқа тартылады», - деді Ержан Сәденов. Қаланың бас полицейі аса қажеттілік болмаса үйден шықпау қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар БАҚ өкілдерінің «Карантин режимін бұзғаны үшін айып тұрағына жеткізілген көлік иесі қанша ақша төлеуі мүмкін?» деген сауалына жауап берді. «Айып тұрағы тегін. Карантин талабын бұзушыға қатысты хаттама толтырылып, сот шешімі шығарылады. Ал көлік айып тұрағына қойылады және ол тегін», - деді ол.