15 сәуірде Қазақстанда шаңды дауыл, тұман және жел соғады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл болады, Ақтауда шаңды дауыл күндіз болуы ықтимал.
15 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.
Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысында күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп күтілуде.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды.
15-16 сәуірде елдің бірқатар аумағына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болуы мүмкін. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды.