Алматыда көшеде себепсіз жүрген 604 адамға айыппұл салынды
Алматыда көшеде себепсіз жүрген 604 адамға айыппұл салынды
160
оқылды
Алматы әкімшілік соты ТЖ режимін бұзуға қатысты бір тәулікте 93 істі қарады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 93 әкімшілік материал қарады, нәтижесінде 10 адам әкімшілік қамауға алынды, 61 адамға айыппұл салынды және 22 тұрғынға ескерту жасалды. «28 наурыздан бастап 604 адам көшеде себепсіз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 6-ауы қамауға алынды, 52-сіне айыппұл салынды, 17 адамға ескерту жасалды. Бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтіп, қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін 18 адам жауапқа тартылды», – дейді Алматы қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.