42 500 теңге 2 миллионнан астам қазақстандыққа тағайындалды
42 500 теңге 2 миллионнан астам қазақстандыққа тағайындалды
© inform.kz
2,216
оқылды
2,3 миллионнан астам адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындалды, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. «ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 2 335 929 адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды. 14 сәуірдегі сағат 11:00-дегі жағдай бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін 4 млн 469 мың 16 азаматтан барлығы 5 млн 797 мың 580 өтініш келіп түсті. Осылайша, 1 млн 328 мың 564 қайталанатын өтінім тіркелді. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада. Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді. Еске сала кетейік, әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.