Birgemiz қорының есеп-шотына 19 миллиардтан астам теңге аударылды
Birgemiz қорының есеп-шотына 19 миллиардтан астам теңге аударылды
© сурет интернеттен алынды
171
оқылды
14 сәуірдегі сағ.18.00 жағдайға сәйкес Birgemiz қорының есеп-шотына 19 099 866 299 теңге жинақталды. Бүгін қор есебіне қаражат «Bazis Construction» ЖШС (130 000 000 теңге), «Жаңа Тәңсәрі» ЖШС (11 000 000 теңге), «KAT Construction» ЖШС (24 000 000 теңге), «MIRAS Building» ЖШС (11 000 000 теңге), «Deluxe Construction» ЖШС (12 000 000 теңге) және т.б. келіп түсті. Сонымен бірге 424 402 теңге көлеміндегі ерікті жәрдем жеке тұлғалар Г.Ә.Өмірзақовадан, Г.Б.Таджияковтан, К.М.Оркашбаевтан, С.М.Ержановадан, И.Х.Кожумовадан, А.И.Саенкодан, С.Аликовадан, Б.Е.Мамытовтан аударылды. Қор шығысы бүгінгі таңда 8 259 750 000 теңгені құрады: - 531 000 000 теңге (шарт соммасының 90%-ы) көлемінде қаражат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен СК «Фармация» үкіметтік операторына 5 млн дана маска сатып алу үшін жіберілді (03.04.2020 ж.) - 7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (150 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсету мақсатында жіберілді (03.04.2020 ж.). - 105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлем үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді (07.04.2020).