Birgemiz қорына мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысынан 1% аударылмайды
Birgemiz қорына мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысынан 1% аударылмайды
2,212
оқылды
Birgemiz қоғамдық қорына мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысынан 1% аударылады деген мәлімет жалған. Бұндай ақпарат әлеуметтік желілерде таралған болатын. «Бюджет саласында жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысынан 1% алу туралы ақпарат жалған. Бұндай  СМС-хабарламаларды біз таратқан жоқпыз», - делінген қордың ресми мәлімдемесінде. «Birgemiz» қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын қызметкерлер еңбегін төлеу қорларынан төлем қабылданбайды. «Бұл қордың тұжырымдамасына қайшы келеді, өйткені бізге қаражат негізінен тек ерікті түрде түседі»,- деп түсіндірді ол.