Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 21 науқас ауыр халде жатыр, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.
«Қазақстанның жұқпалы аурулар стационарларында 1034 адам емделіп жатыр. 21 науқастың жағдайы ауыр, 169-ының денсаулығы орташа ауыр деңгейде, 1 пациент қанды оттегімен қанықтыру аппаратына қосылған»,- деді ол.
Жағдайы ауыр пациенттердің ішінде:
9 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған;
6 науқас өкпені маскалы желдету аппаратына қосылған,
7 науқас оттегіні жалғау арқылы өздігінен тыныс алып жатыр.
Жүргізілген емдеу шараларының нәтижесінде 5 науқас ӨЖЖ аппаратынан өз бетімен тыныс алуға ауыстырылды және жағдайы жақсарған 18 пациент реанимациядан бейінді бөлімдерге ауыстырылды.