Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирусқа тест тапсырды.
Шаһар басшысы әкімдік пен қалалық жедел штабтың қызметкерлері, оның ішінде өзі де тест тапсырғанын айтты.
«Мен жедел тесттен өттім. Көріп отырғандарыңыздай, мен сіздермен сөйлесіп отырмын, яғни нәтижесі теріс», - деді Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция барысында.