3 миллионнан астам қазақстандыққа 42 500 теңге тағайындалды
3 миллионнан астам қазақстандыққа 42 500 теңге тағайындалды
© inform.kz
237
оқылды
Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 3 миллионнан астам адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындалды, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметі. «3 млн 79 мың 960 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды. 16 сәуірдегі сағат 11:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 5 млн 997 мың 567 азаматтан барлығы 7 млн 251 мың 526 өтініш келіп түсті. Осылайша, 1 млн 253 мың 959 қайталанатын өтінім тіркелді», - делінген хабарламада. Бірегей өтініштердің ең көп саны: Алматы облысы – 752 901; Алматы қаласы – 722 112; Түркістан облысы – 705 755; Нұр-Сұлтан қаласы – 464 526; Шымкент қаласы – 382 669. Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалған: Алматы облысы – 452 196; Түркістан облысы – 363 930; Алматы қаласы – 313 392. «Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді», - деп нақтыланған хабарламада. Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.