Коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тіркелді, Алматы қаласында - 5, Қостанай облысында - 2, Нұр-Сұлтан қаласында - 11, Жамбыл облысы - 3, - деп хабарлады coronavirus2020.kz.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 316 адам, Алматы қаласында – 398 адам, Қарағанды облысында - 84 адам, Ақмола облысында - 81 адам, Атырау облысында - 70 адам, Жамбыл облысында - 53 адам, Шымкент қаласында - 43 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 29 адам, Ақтөбе облысында - 14 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам, Павлодар облысында - 13 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 131 адам, Батыс Қазақстан облысында - 25 адам, Түркістан облысында - 49 адам, Қостанай облысында - 7 адам, жалпы 1362 науқас тіркелді.