Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
© inform.kz
2,222
оқылды
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 17 сәуірде Ақмола облысында оңтүстіктен жел соғып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетауда оңтүстіктен жел соғып, таңертең және күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %. Ақтөбе облысында 17 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.Ал Ақтобе қаласында осы күні күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстіктен соққан желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Ал Қостанай қаласында оңтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%. Атырау облысында 17 сәуір күні күндіз кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, батыс,оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метр болады. Ал Атырау қаласында күндіз батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді деген боджам бар. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.