Жезқазған қаласындағы дүкендердің бірінде азық-түлікті тегін тарататын қайырымдылық сөресі пайда болды.
Кез келген адам азық-түлік сатып алып, қайырымдылық сөресіне қойып кетеді. Ол заттарды мұқтаж жандар тегін алады. Акцияны қала тұрғындары іліп әкетті. Бұл сөреден азық-түлік арылған емес.
Акцияны Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Оны қаладағы полиция қызметкерлері де қолдады.
– Сөренің толығуы мен босатылуын ешкім қадағаламайды. Біз акция «Мүмкіндігіңіз болса көмектесіңіз, мұқтаж болсаңыз – алыңыз!» атты қағидатты ұстанамыз, – дейді Ізтілеу Ізбасар.
Ләззат Қожахметова,
Қарағанды облысы.