Еліміздің басым бөлігінде күн райы суытады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлауда.
«Әсіресе еліміздің шығысында ауа температурасы -5 градусқа дейін түсіп, жаңбыр аралас қар жауы мүмкін. Солтүстік облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей тұстарда бұршақ жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 8-17 градус айналасында болады. Мұның барлығы Солтүстік Оралдан жылжыған арктикалық фронттармен байланысты» делінген жазбады.
Қазақстанның қалған территориясында өткенші жаңбыр жауы ықтимал.