Алматыда дүкенге маскасыз кіргізбейді
Алматыда дүкенге маскасыз кіргізбейді
© сурет интернеттен алынды
213
оқылды
Карантин уақыты мен вирус тез таралып жатқан кезде маска тағу - қорғанудың алғышарты болып саналады. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Наталья Дягилева брифинг барысында айтты. Оның айтуынша, қала тұрғындары супермаркет пен дүкенге маска тағып баруы керек. Бұл коронавирустан қорғанудың бір тәсілі. «Тұрғындар супермаркет, дүкен мен дәріханаға маска тағып барулары тиіс. Азық-түлік дүкендері медициналық маскасыз адамдарды ғимаратқа кіргізбеуге құқылы десек те қызмет көрсетіледі. Яғни тапсырысын пакетке салып, оны өздері сыртқа шығарып береді»,- деп түсіндірді Наталья Дягилева.