Есмағамбетова карантиннің қашанға дейін созылатынын айтты
Есмағамбетова карантиннің қашанға дейін созылатынын айтты
© Sputnik / Владислав Воднев
182
оқылды
Мамыр айында төтенше жағдай мерзімінің ұзартылып-ұзартылмауы қазақстандықтардың өзіне байланысты. Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. БАҚ өкілдері Есмағамбетовадан мамырда карантин мерзімі ұзартыла ма деп сұрады.
"Мемлекеттік комиссия төтенше жағдай режимін 30 сәуірге дейін созғанын білесіздер. Карантин мерзімінің ұзарып-ұзартылмауы көп жағдайда өзімізге байланысты. Карантин шараларын қаншалықты сақтаймыз, өзімізді қалай оқшаулаймыз, міне, осыған байланысты", – деді ол онлайн брифингте.
16 наурызда республикада төтенше жағдай режимі жарияланды. Жуырда президент жарлығымен режим мерзімі 1 мамыр күнгі сағат 07.00-ге дейін ұзартылды.