Мамытқанов: Бензин контрабандалық жолмен сатылып жатыр
Мамытқанов: Бензин контрабандалық жолмен сатылып жатыр
549
оқылды

Қырғыз елінің мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бөлім бастығы Мақсат Мамытқанов Қырғызстан бюджеті жанар-жағармай контрабандасының салдарынан жыл сайын 5 миллиард сомнан астам қаржыдан қағылып отыр деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Бішкектен Тоқмаққа дейін Қазақстаннан контрабанда жолымен жеткізілген жанар-жағармай сатылады.

«Заңды сатушылар мен заңсыз сатушылардың бензин бағасының айырмашылығы 10 сомға дейін жетеді. Қырғызстандағы көлеңкедегі отын айналымы жылына 1 миллиард литрді құрайды, әр литрден 4 сомнан салық салынуы керек, демек, бюджетке 5 миллиард сомнан жоғары қаржы түспейді, бұл – 70 млн доллар», – дейді экс-чекист.

Қырғызстанның жанар-жағармайға сұранысы 1,1 миллион тоннадан асады. Экономика министрлігінің дерегінше, өткен жылы жанар-жағармайдың көлеңкелі айналымдағы үлесі 25 пайыз болған.

Былтыр Қазақстан Қырғызстанға А-92 маркалы 100 мың тонн бензинді экспорт салығынсыз жеткізуді ұсынған. Қырғыздың Экономика министрлігі   келісім жобасы қол қоюға дайындалып жатқанын айтады.  

Айта кетейік, әзірге Қырғыз еліне жанар-жағармай тек Ресейден жеткізіледі.