Сертіне берік дәрігер
Сертіне берік дәрігер
2,181
оқылды
Алматы облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы бойынша күн сайын 121 «жедел жәрдем» брига­дасы халыққа қызмет көрсетеді. Тәулігіне түрлі санаттағы 2 000-нан астам шұғыл шақырылымға барып, мүм­кіндігінше медициналық көмек беруге тыры­сады. Еліміз­дегі коронавирус жұқпасына күрес ке­зеңіне байланысты жария­ланған төтенше жағдай тәр­тібінде жұмыс істейтін «жедел жәрдем» қызметкерлері қазіргі кезде күндіз күлкіні, түнде ұйқыны ұмытты десек болады. Арнайы автокөліктердің барлығы төтенше жағдай талабына сай қажетті құрал-жабдықпен толық жарақтандырылған. Бригададағы мамандар да түгелімен жеке қорғаныс құралымен (арнайы қорғаныс киім імен) және дизенфекциялық керек-жарақпен қамтылған. Медициналық қыз­мет­­кер­лердің барлығы әрекет ету алгоритміне оқы­тылған. Күн сайын арнайы нұсқамалықтан өтеді. – Ел басына қатер төнген сыни шақта біз ха­лық­ты аман алып қалу жолында алдыңғы шепте әріп­тестерімізбен бірге уақытпен санаспай қызмет етудеміз. Шынында, барлығы ақша немесе қосымша табыс табу үшін емес. Халық денсаулығы жолында қолымыздан келгеннің барлығын істеуге дайынбыз және сол мақсатта ант бергенбіз. Бірақ жанкештілігімізді, күн-түн демей еңбек етіп жүргенімізді біліп, материалдық тұрғыда көтермелегенді қоса алғанда, жан-жақты қол­дау көр­сетіп жатқан мемлекетке алғыстан басқа айтары­мыз жоқ. Біз өз міндетімізді алда да адал атқара бермекпіз. Ха­лықтан күтер қолдауымыз – олардың төтенше жағдай та­лабын бұзбай, мүмкіндігінше үйде отырғаны. Бірік­сек ал­майтын асу, жеңілмейтін қиын­дық қалмай­ды. Соны есте ұстайық, – дейді Алматы облыс­тық же­дел медициналық жәрдем стансасының фельдшері Д.Сейдембекова.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы