Карантиндегі көрерменнің көңілін көтеру үшін отандық киногерлер жаңа картиналарын желіге жаппай жүктеп жатыр, - деп хабарлады ntk.kz.
Тіпті, Нұртас Адамбай фильмімнің ғаламтордағы тұсаукесерін коронавируспен күресте жан салмай жұмыс істеп жатқан адамдарға арнаймын дейді. Ал тегін ұсынылған ленталар арасынан қаралымы жағынан рекорд орнатқан кім?
Көптің қошаметіне ие болған дәл осы «Әкім» картинасын кезінде 60 млн теңгеге таспалаған Нұртас Адамбай еді. Алайда режиссер туындысының тұсаукесерінен соң оны стримингтік сервистерге сатудың орнына халыққа тегін ұсынуды жөн көріпті. Нәтижесінде киногердің комедиясын бір аптаның ішінде 5,5 млн адам тамашалаған.
Нұртас Адамбай, режиссер:
- Қазақстанда өкінішке қарай халық саны аз, елімізде фильмдерді монетизациялау мүмкін емес. Сондықтан, реалист ретінде, картина кинотеатрда көресетіліп болған соң, оны көпшілікке ұсынамыз. Мәселен, түрлі себеппен картинаны тамашалай алмаған адамдар көрсін дегендей.
Карантин кезінде халықтың көңілін көтеру үшін желіге жүктелген фильмдер арасында «Каникулы оффлайн – 2» лентасы да бар. Ақан Сатаевтың басшылығымен таспаланған фильм 2 млн-ға жуық қаралым жинады.
Қазақ киносының миллиардері атанған Нұрлан Қоянбаев та қиын сәттерде көрерменнің қаражаты арқылы қалтасын қалыңдатуды құп көрмепті. Сондықтан ол, «My love is Aisulu» фильмі жуырда ғана жарық көргеніне қарамастан, желіге жүктеуді жөн санаған. Продюсер өзіме «Бизнес по-казахски» арқылы тапқан табысым да жетеді деп отыр.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:-Киноиндустрияда әзірге жеңімпаз деп айтуға болады. Қазір деген көп әріптестеріміз енді бір-бірінен сұрайды ғой бірінші орында қай кино деп сонда по-казахски дейді. Оның өзі маған жеңіс.
Еске салсақ, пандемия кезінде көременге тегін кинотуынды ұсынғандар Қазақстан ғана емес, шетелде де жетерлік. Мысалы, «Netfilx» «Amazon», «Apple» сынды стримингтік сервистер карантинде фильмдерін тамашалауды қолжетімді еткен.