Киллермен сұхбат жарияланды
Киллермен сұхбат жарияланды
363
оқылды
Brut.media бейне жаңалықтар порталы 18 сәуір күні Мексикада El chacal (шибөрі) лақап атын иеленген жалдамалы адам өлтірушімен сұхбат жариялады. Ол өз сөзінде әскерге 15 жасында қабылданып, негізгі қабілеттерді сонда үйренгенін айтқан. Кейін жастай жұмыссыз қалып, алғашында ұсақ ұрлықпен айналысып, уақыт өте келе кісі өлтіруге көшкенін жеткізген. Бетперде киіп сұхбат берген El chacal, сондай-ақ журналистерді өлтірмейтінін, себебі ондай жағдайда қылмыскер көп өтпей ұсталатынын жеткізген. Сұхбат барысында ол құрбан санын есептемейтінін және әр адамды 4 мың мен 10 мың АҚШ доллары аралығында бағалайтынын мәлімдеді. Мексика әлі күнге қылмыс деңгейі жоғары мемлекет саналады. 2019 жылы бұл елде 34 582 кісі өлтіру фактісі тіркелген.