Бүгін әлеуметтік желіде «Atamnyn аmanaty» қоғамдық бірлестігі республикалық челлендж бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Онда Ұлы отан соғыс ардагерлердің отбасы мұрағатында сақтаулы тұрған хаттарды оқып, жүктеуге болады. Бұл ұйым майданда тұтқынға түскен, ізім-қайым жоғалған ата-бабаларымыз жайында толық ақпаратты ұсынады. Бірлестік құрылтайшысының айтуынша қыркүйек айынан бастап 1300 өтініш түсіп, оның 200-ден астамында батырларымыздың жатқан жері табылды дейді.
"Карантинге қарай парад болмайды, сондықтан басқа шаралар болмағаннан кейін әлеуметтік желіде осындай челлендж жарияладық", - дейді «Atamnyn аmanaty» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Әлия Сағынбаева.
Акцияның мақсаты – соғысқа қатысқан батырлардың ерліктерін жадында сақтап, келесі ұрпаққа естеліктерін қалдыру, жастардың азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тұрғысындағы тәліміне үлес қосу.
«Миллиондаған адамның өмірі мен тағдырын жойған, қанға малынған Ұлы Отан соғысына қатысқан солдаттардың көрсеткен ерліктерін келер ұрпаққа естелік ету – парызымыз. Қазір және алдағы уақытта да Ұлы Жеңістің бағасын біліп, есте сақтауымыз керек, - деді «Atamnyn Amanaty» ОО Төрағасы Мұрат Молдағалиев.