Қазақстанда 20 әуежай жұмыс істеп тұр
Қазақстанда 20 әуежай жұмыс істеп тұр
© сурет интернеттен алынды
349
оқылды
Қазіргі уақытта республикада 20 әуежай жұмыс істейді. Оның 15-мемлекеттік әуежай, 8-і жеке меншікте, 1-концессияда, - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. "Жұмыс істеп тұрған әуежайлар - Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Боралдай. Жергілікті әуе желілерінің 3 әуеайлағы (Үржар, Үшарал, Зайсан) және өндірістік мақсаттағы 1 әуеайлақ (Тенгиз) бар. 17 әуежайда халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсаты бар. 17-сі ИКАО стандарттары бойынша санатталған, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы әуежайлары III санат, Атырау әуежайв II санат, және басқа әуежайлар I санатта. Бұл оларға әуе кемелерін күрделі метеожағдайларда қабылдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. 2019 жылы Қазақстан әуежайлары шамамен 17,7 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Авиациялық нарықтың шамамен 70% Алматы (7,2 млн жолаушы.) және Нұр-сұлтан (5,1 млн жолаушы.) әуежайларына тиесілі. Тәуелсіздік жылдары 18 әуежайда ұшу-қону жолақтары қайта жаңартылды, 12 әуежайда жолаушылар терминалдарын қайта жаңарту жүргізілді.