Алматыда 21 сәуірдегі жағдай бойынша COVID-19 диагнозы расталған 669 жағдай тіркелді. Оның 145 жағдайы соңғы тәулікте тіркеліп отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Жаңадан вирус анықталған адамдардың 104-і Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері, №12 Қалалық емхананың 12 қызметкері, Қалалық паллиативтік көмек орталығының 11 қызметкері және 18 адам вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.
Қазір 577 адам жұқпалы аурулар стационарларында жатыр. Екі пациенттің жай-күйі өте ауыр, 6 адамда – ауыр, 168-і ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында - қанағаттанарлық. 88 науқас коронавирустық инфекциядан сауығып, емдеуден шығарылды, - делінген хабарламада.
Провизорлық госпитальдарда - 452 адам, карантиндік оқшаулауда - 352 адам, үй карантинінде - 9950 адам бар.
Алматы қаласы Бостандық ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес №12 Қалалық емхана карантинге жабылған. Сонымен қатар, Орталық қалалық клиникалық ауруханаға қатысты. Стационар таза және вирус жұқтырған аймақтарға бөлінген.
Қазір қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық және 150 карантиндік төсек-орын ашылды. Емдеуде жатқан науқастарға медициналық көмекті тек обаға қарсы костюмдерін киген медицина қызметкерлері көрсетуде. Пациенттермен коронавирусқа талдаулары теріс қорытындысы бар медицина қызметкерлері жұмыс істеуде. Талдаулары оң қорытындысы бар медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіліп, инфекциялық стационарлар мен бөлімшелерде емделуде, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қаланың барлық медициналық ұйымы қажетті жеке қорғану құралдарымен толық жабдықталған.