Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
23-24 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын, күндіз бұршақ жауады. Жел батыстан соғады, күші - кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік күтіледі.
24 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын- шашын жауады, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20, 23 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.
23 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, тұман түседі. Оңтүстік- батыстан соққан желдің қарқыны - түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз - 15-20, жалпы екпіні - 23-28 м/с дейін күшейеді. Ертең Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел жылдамдығы - 15-20 м/с.
23 сәуір күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл соғады . Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші - кей жерлерде 15-20, күндіз - 25 м/с жетеді.
Павлодар қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жет еді.