Елордада қатаң бақылаудағы нысандар саны біршама азайды
Елордада қатаң бақылаудағы нысандар саны біршама азайды
© 24.kz
178
оқылды
Елордада қатаң бақылаудағы нысандар саны біршама азайды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұрын тәртіп сақшылары 70 ғимаратты оқшаулап ұстаса, қазір олардың саны 31-ге дейін кеміді. Бұл туралы Жергілікті полиция басқармасының басшысы мәлімдеді. Ғұсман Жакиннің айтуынша, бүгінде №7 емхананың маңы қатаң бақылауға алынған. Себебі, дәл осы аумақ коронавирус індетінің ошағы саналады. Бұл төңіректі қазір 120 полиция қызметкері күзетеді. - Рысқұлбеков, Абылай Хан және Мүсірепов көшелерінен бастап теміржол вокзалына дейін бақылауда ұстап отырмыз. Мұнда 99 нысан бар. Басым бөлігі көп қабатты тұрғын үйлер. Мектеп пен аурухана да бар. Белгіленген аумақта 33 мың адам тұрады. Төрт нысанды қатаң бақылауға алдық. Оның бірі мынау – №7 емхана, - деді қалалық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының басшысы Ғұсман Жакин.