Қордайда сауығып шыққан 6 адам коронавирусты жаназа кезінде жұқтырған
Қордайда сауығып шыққан 6 адам коронавирусты жаназа кезінде жұқтырған
© сурет интернеттен алынды
191
оқылды
22 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекциядан тағы жеті адам емделіп шықты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайтында. Аурудан айыққан жетеудің бірі – 1992 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Ол 19 наурыз күні Тараз қаласына келіп, 5 сәуірде кеуде тұсының ауыруына, мұрынның бітелуіне және көздің қызаруына қатысты шағыммен карантиндік стационарға жатқызылған. Одан COVID-19-ға алынған талдаулар сырқат екенін көрсеткен. Қалған алты ем алушының барлығы 19 бен 62 жас аралығындағы тұрғындар. Үшеуі - ер, үшеуі әйел адам. Олар коронавирустық инфекцияны Қордай ауданында жерлеу рәсімі кезінде жұқтырған. Барлығы осы ауданның тұрғындары болып табылады. Бір науқас әйелден жұқтырып, 6 сәуірде ауруханаға жатқызылған. Дерттен айыққан жеті тұрғын да екі апта бойы инфекциялық стационарда болып, емдеу шараларын ойдағыдай өткізген. Алгоритмге сәйкес, олардан КВИ-ға алынған екі реттік зертханалық талдаулар теріс нәтиже көрсеткен. Алдағы екі апта бойы енді олар үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады. Жалпы аймақта коронавирустан 31 адам емделіп шықты.