Коронавирустың пандемиясынан туындаған жаһандық экономикалық шок шикізат тауарларының көпшілігінің бағасы арзандауына алып келді және 2020 жылы баға айтарлықтай төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды Дүниежүзілік Банктің сәуір айындағы тауар нарықтарының шолуында.
ДБ бағалауына сәйкес, мұнайдың орташа бағасы 2020 жылы барреліне 35$, 2021 жылы барреліне 42$ шамасында болады.
Металдар бағалары тұтастай алғанда 2020 жылы 13 пайызға арзандайды деп болжануда. Өйткені сұраныстың азаюы және өнеркәсіптің негізгі салаларының тоқтауы нарыққа елеулі әсерін тигізді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары экономикалық өсумен тығыз байланыста болмағандықтан 2020 жылдың бірінші тоқсанында көлік үшін пайдаланылатын каучуктан басқа тауарлардың бағасы айтарлықтай төмендеген жоқ.
Бұл шикізат нарықтары үшін үлкен шок және мұнайдың бағасы төмендеуі дамушы елдерге елеулі залал келтіруі және ұзақ мерзімді өсуді қолдайтын және сапалы жұмыс орындарын құратын маңызды инфрақұрылымға қажетті инвестицияларға қауіп төндіруі мүмкін, - деп мәлімдеді Дүниежүзілік Банктің инфрақұрылым жөніндегі вице-президенті Махтар Диоп.