Президент жаңа буынға сенім артты
Президент жаңа буынға сенім артты
234
оқылды
Мемлекет басшысының биліктің құрылымдарына та­ғайын­даған үш тұлғасына қатысты қоғамда түрлі пікір бар. Де­генмен үш тұлғаның жаңа  қызметке тағайындалуына қа­тысты бірнеше ерекшелікті атап өткен болар едім. Мәулен Әшімбаевтың Сенат тө­­рағасы болып сайлануы, Дәурен Абаевтың Пре­зи­­дент Әкімшілігі Бас­шысының бі­­­­­рін­­ші орын­ба­сары, Аида Ба­лае­ва­ның Ақпарат және қоғам­дық даму министрі бо­лып та­ғайын­далуы ең алдымен би­лік құрылым­да­рына жас буын­ның келе бастағанын байқатады. Аталған тұл­ғалардың ешқайсысы­ның жа­сы елуге келген жоқ. Бұл би­ліктегі жо­ғары лауазымды қыз­мет­кер­лер­дің жасара баста­ған­ы­ның бел­гісі. Екіншіден, үш аза­мат­тың да ар­тынан сөз ермеген, қан­дай да бір дау-дамайға қатысы бол­маған, жемқорлық, сыбай­лас­тық тәрізді ке­леңсіздіктен ада, жа­­ман аты шық­паған. Бұл да атап өтетін мә­селе. Өйткені біздің елде сая­си қыз­меткерлердің өткен-кет­кенін бұ­қара ұдайы назарда  ұстап оты­рады. Ал жаңадан сай­лан­ған және та­ғайын­далған аза­маттар репу­тация­ларының таза болуын үнемі на­зарда ұстап кел­ді. Сөйтіп, ел ішінде өздеріне қа­тысты қауе­сет­тің тарауына жол бер­ген емес. Адал қызмет етті. Әрі әлеуметтік же­­лілердің мүмкіндігін пай­да­ла­нып, қоғамға ашық еке-н­ін бай­қат­қан. Сонымен қатар қо­ғам ты­­нысын сол желілер арқы­лы да ті­­келей сезініп отыруға дағ­дыланған еді. Бұл өз кезегінде Пре­­зиденттің «Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет» тұжырымда­ма­сын жүзеге асыруға таптырмайтын қасиет. Өйткені бұқараның үнін естуде лауазымды тұлғалардың сол көпшілік қолданатын же­лі­лер­ді пайдалануының маңызы зор. Сондай-ақ үш саясаткер де әб­ден ысылып, шыңдалған кәсіби ма­мандар. Олар түрлі салада, түрлі лауа­зымда қызмет атқарды. Бұл да маңыз­ды. Бір сөзбен айтқанда, қа­зақтың «жас келсе іске» дейтін ұста­нымы осы жолғы тағайын­дау­лар­дан анық көрініс тапты. Одан бөлек, осы жолғы та­ғайы­н­­даулар кезінде мемлекет ел ішін­де қауесеттің таралуына жол бер­меді. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ақпараттық саясаты­ның жаңа формасы. Яғни, ресми БАҚ-тың мәртебесін өсіріп, олар­дың сенімді ақпарат көзі ретіндегі по­зициясын нығайтты. Масс-ме­диа­ның әлеуметтік желілерден биік тұруы қажет екенін көрсетті. Бұ­рын елдегі маңызды оқиғаларға қа­тысты қауесеттер, түрлі ақпа­рат­­тар алдымен әлеуметтік желі­лер арқылы тарап, мемлекет кейде блогерлер қызметіне жүгінетін. Бло­герлерді  журналистерден жо­ғары қойып, олардың беделін арт­тырған сәттеріміз де аз емес. Осы жолы ақпарат тарату фор­ма­сы өзгерді. Мемлекеттің әлеу­мет­­тік желілерді емес, масс-ме­диа­ны ақ­парат тарату көзі ретінде пай­да­лануы құптарлық іс болды. Мұ­ны да осы жолғы та­ғайын­даулар­дың өзіндік ерек­шелігі деуге бо­лады.  

Талғат ҚАЛИЕВ, саясаттанушы