6 жасар вундеркиндті құттықтады
6 жасар вундеркиндті құттықтады
250
оқылды
Маңғыстау облысы Мұ­най­лы ауданында зерек­тігі­мен ерекше көзге түс­кен вундеркинд Жігер Берікбайұлы тұрады. Жігерді жергілікті тұрғындар жаңалықтардан таныды. Осы орайда, Nur Otan пар­тиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының белсенділері партияның «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында Жігер Берікбайұлымен арнайы кез­десті. Белсенділер баланы Халық­аралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, оған бірнеше қызықты кітап тарту етті. 200 елдің астанасын білетін 6 жасар бүлдіршін оларды 1 айдың ішінде жаттап алыпты. – Қашықтан оқи бастағалы бері Жігердің картаны жаттап жүргенін байқадым. Басында аса мән бермедім. Кейін не­ме­рем интернет арқылы мемле­кеттердің астанасын дәптерге жазып алып, оны жаттауды әдет­ке айналдырды. 1 айдың ішінде Жігер 200 мемлекеттің аста­насын жаттап алды. Кейін телеарналар арнайы келіп, сұхбат алып Жігердің ерек­ше­лігін жұртқа мақтана жеткізді. Осындай дарынды ба­лаларды қолдап, оларды одан әрмен жігерлендірген Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының белсенділеріне ерекше алғыс айтамын. Елімізде дарынды балалар көп болсын, – деп әжесі Зиба Тәңірбергенова тілегін білдірді. Балалар құқын қорғау мен олардың мәселелерін шешу, дарынды балаларды қолдау партияның күн тәртібінен түспей келеді. Сондықтан алдағы уақытта да дарынды балаларды қолдау жалғасын табады.  

Ә.ЖАСАН