Алматыда полицейлер қаза тапқан блокбекетте болған жол-көлік оқиғасын тергеу ІІМ-не жіберілді. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев мәлімдеді.
"Аталған жол-көлік оқиғасын тергеуді Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті жүргізеді, министр бақылауға алды. Іс министрлікке берілді және тергеу жүргізіледі", - деді Күдебаев Instagram желісінде өткен тікелей эфир барысында.
Еске салайық, 25 мамырда таңғы сағат 5 жарымда 1992-ші жылы туған ер адам BMW маркалы көлігімен мас күйінде блокбекеттегі полиция көлігін соғып, оқиға орнында екі полиция қызметкері қайтыс болып, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген еді.