Белсенді түрде қатысқанымыз жөн
Белсенді түрде қатысқанымыз жөн
267
оқылды
Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ха­барлады. Енді біз үшін тың тәсілді қол­дану арқылы не ұтамыз? Бұрын да­мыған батыс елдерінде кеңінен қол­данылып келген әдістің қарапайым ха­лыққа немесе электоратқа пай­да­сы қандай деген сауалға жауап бе­ре кетейін. Біріншіден, біздің таң­дау еркіміз кеңейеді. Партия ішін­дегі «жүзден жүйрік, мыңнан тұл­пар» саналатын «сен тұр, мен атайын» дейтін азаматтарды бір сүз­гіден өткізіп, оларға мол се­нім арта аламыз. Екіншіден, өзі пар­­тия қатарында болмаса да, пар­тиямен ниеттес әрі түйткілді мә­селелердің түйінін жаңаша тар­қата алатын тұлғаларды саяси ұйым­ның қатарына қабылдап, олар­дың әлеуетін ел игі­лігіне пай­далануға септесетін бола­мыз. Бұ­ған мысал ретінде осыған дейін пар­тия қатарында болмаса да, өзі­­нің ілкімді істері арқылы қоғамда оң пікір қалыптастырған нағыз ел­­жан­ды азаматтардың келісімін алу арқылы оларды партияның м­е­­рейлі мақсаттарын іске асыруға жұмыл­дыра­мыз. Биылғы 17 тамыз бен 3 қазан ара­лығында жоспарланған прай­ме­риз партияның Саяси кеңесі қа­былдаған ережеге сай өтпек. Тағы бір жаңа ерекшелік – партияішілік сая­си додада дәстүрлі дауыс беру­мен қатар, онлайн түрде дауыс беру практикаға енгізілгелі отыр. Бұл бір жағынан уақытты үнемдеуге ық­пал етсе, екінші жағынан әлем­ді дүрліктірген пандемия тұсында дер кезінде қолға алынған ұтымды әдіс. Сондықтан  елім деген на­ғыз отаншыл азаматтардың прай­ме­риз­ге белсене қатысқаны жөн. Себебі бұл – біздің еліміз, бұл – біздің Ота­нымыз! Сондықтан елімнің ер­теңіне бейжай қарай алмайтын аза­мат ретінде барша белсенді аза­маттарды праймеризге белсене қа­тысуға шақырамын! Еліміздің ертеңгі жетістігі –  бү­­гін­гі тындырымды тірлік пен лайық­­­­ты таңдаудың жемісі еке­нін әр­­­­дайым жадымыздан шы­ғар­маға­ны­­мыз абзал.  

Икрам ХАШИМЖАНОВ, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері  «Дустлик» қауымдастығының төрағасы,  «Nur Otan» партиясының мүшесі