Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
5,206
оқылды
Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі. 11 маусымда солтүстік және орталық өңірлер жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады. Оған ашық, құрғақ және ыстық ауа райы тән. Бұл аймақтарда осындай ауа райы қалыптасады. Күндізгі температура 26...34 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ 12-13 маусым аралығында ауа райы күрт өзгереді. Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар өзімен бірге найзағай, екпінді жел және жаңбыр әкеледі. Бұл ретте температура 20...29 градусқа дейін төмендейді.