Алматы қаласы тергеу сотының судьясы Марал Жарылғасова «полицейге күш қолданды» деп айыпталған белсенді Әсия Төлесованы 10 күнге изоляторға қамауға алу туралы шешім шығарды.
Сот отырысы онлайн өтті. Процестен белсендінің анасы Жанар Жандосова желіге тікелей эфирге шықты. Төлесова сотқа изолятордан қатысты.
Судья сот шешіміне үш күн ішінде апелляциялық шағым түсіруге болатынын айтты. Белсендінің адвокаты мен жақындары оны қамауға алмау туралы өтініш айтқанымен, судья ескермеді.
Естеріңізге салсақ, 6 маусымда билікке қарсы митингіде полиция жүзден астам адамды ұстаған. Олардың арасында Төлесова да болған.