Алматыда коронавирус көрсеткіші 2 есе өсті. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты.
«Алматыда төтенше жағдай аяқталғаннан кейін адамдар қала сыртынан, қала ішінен жұмысқа келіп жатыр. Солардың арасынан коронавирус жұқтырғандар шығуда. Өткен аптада ауру көрсеткіші 2 есе көбейді. Біздің инфекциялық стационарларда үлкен қысым болып жатыр. Мұның барлығы диагностикалық потенциалды күшейтуді талап етеді», - деді Жандарбек Бекшин.