Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 20-21 маусым күндері Ақмола облысындағы туристік аймақтарға кіруге болмайды, -деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
Бурабай және Зеренді алдағы демалыс күндері демалушылар үшін жабық болады.
Жергілікті тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметінше, маусымның 19-да сағат 18:00 кезінде курортты аймақтарда уақытша 9 блокпост орнатылды. Щучье-Бурабай курортты аймағында 6 блокпост жұмыс істейді.
«Апта соңында демалушылардың саны күрт өседі. Негізінен Нұр-Сұлтан мен Көкшетаудан келеді. Қолға алынған шектеу шараларына түсіністікпен қарап, бұл күндері Бурабайға барудан бас тартуды сұраймыз», - деп атап өтті ведомство басшысы Серәлі Жолдаспаев.
Сонымен бірге, үш блокпост Зеренді курортына қойылады.
Алайда, қазіргі таңда Бурабай және Зеренді курорттары аумағында демалып жатқан туристер сонда қалып, одан әрі демала беруіне болады.