ҰБТ алдында WhatsApp-тағы ата-аналар чаты бақылауға алынады
ҰБТ алдында WhatsApp-тағы ата-аналар чаты бақылауға алынады
фото: ашық дереккөз
471
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ҰБТ алдында WhatsApp желісіндегі ата-аналар мен түлектер чатын бақылауға алатынын бұған дейін де мәлімдеген. Бүгіннен бастап елімізде бірыңғай ұлттық тестілеу басталды. Тест тапсырудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық өңірлерде Білім және ғылым министрлігі құрамына арнайы мониторинг тобының өкілдері, "адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері кіретін жұмыс топтарын құрды. Негізгі мақсат тестілеуді өткізудің "тазалығына" мониторинг жүргізу. "Қазір агенттік WhatsApp мессенджерінде және әлеуметтік желілерде ата-аналар топтарына мониторинг жүргізіп жатыр. Осыған байланысты агенттік оқушыларды тек өз білімдеріне ғана сүйене отырып тест тапсыруға шақырады. Ал ата - аналар тестілеуден оң баға алу үшін пара берсе, қылмыстық жауапкершілік пен бас бостандығынан айыру көзделгені туралы ескертеді", - деп хабарлаған болатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Егер азаматтар заңсыз ұсыныстарға тап болған жағдайда, Сall-center 1424 қоңырау шалу қажет.