Қостанай облысында жоғалып кеткен 2011 жылғы жеткіншектің денесі судан шығарылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Департамент дерегіне сүйенсек, осы жылдың 20 маусымы күні Федоров ауданында 8 жасар бала үйінен шығып, оралмаған.
«ТЖД құтқарушылары баланың денесін судан шығарды. Жазғы маусымда ата-аналарды балаларын жалғыз қалдырмауға шақырамыз. Суға шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтаңыздар», - дейді ведомоствоның баспасөз қызметіндегілер.