Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
23 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 23 маусымда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, солтүстік-шығыстан және солтүстіктен соғатын жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Аймақтың басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
23 маусым күндіз Нұр-Сұлтан қаласында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан және солтүстіктен жел соғады. Жел жылдамдығы 15-18 м/с болады.
23 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с.
23-24 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. 23-24 маусымда солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады. Кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.
24 маусым күндіз Петропавл қаласында солтүстіктен соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.