Nur Otan партиясына Шымкент қаласы Абай ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру бойынша тұрғындардан өтініш түсті.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Абай даңғылы №33 «А» және 33 «Б» үй көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру қолдауға ие болып, оң шешімін тапты. Жоба құны 43 млн теңгені құрады.
2019 жылдың желтоқсан айында абаттандыру жұмыстары аяқталып, 2020 жылдың мамыр айында тұрғындарға қолданысқа берілді.