Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова «Нұр-Сұлтанда қайтадан блокпостар қойылуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.
«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай күн сайын бақылауда, сондықтан өткен аптада қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысымен демалыс күндеріне карантин жарияланды. Енді осы күндердің жай-күйіне қарай қаланың бас санитар дәрігері шешім қабылдайды», - деді басқарма басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, елордада жедел жәрдем базасындағы колл-орталыққа жүгінушілер саны күрт өскен.
Сонымен бірге, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны үш есе артты, 50 науқас жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған.