Елордада жедел жәрдем шақырғандар саны күрт өсті
Елордада жедел жәрдем шақырғандар саны күрт өсті
© сурет интернеттен алынды
217
оқылды
Елордада жедел жәрдем көмегіне жүгінушілер саны 3-4 есе өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады. «Колл-орталыққа хабарласатындар саны 3-4 есеге дейін артты. Өткен тәулікте 3 800 қоңырау тіркеліп, 2 728 адамға қызмет көрсетілді. Мұнда да 2,5 есе өсім байқалады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Оның айтуынша, инфекциялық және провизорлық стационарларды оттегі концентраттарымен және өзге де медициналық құралдармен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Барлық медициналық ұйымдар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Дәрілік препараттар да жеткілікті көлемде бар», - деді C. Қисықова.