Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
24 маусым түнде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен және солтүстік- батыстан жел соғады. Жел екпіні - 15-20 м/с. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
24 маусым күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрады. Бұршақ жауады . Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел қарқыны - 15-20, екпіні - 25 м/с жетеді.
Өскемен және Семей қалаларында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
24 маусым түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
24 маусым күндіз Маңғыстау облысында 39 градус аптап ыстық сақталады.