Ақтөбе облысында өкпесі қабынғандар саны 6 есе артты
Ақтөбе облысында өкпесі қабынғандар саны 6 есе артты
233
оқылды
Ақтөбе облысында 1200-ден астам адам өкпенің қабынуы дертімен ауруханада жатыр. Қазір өңірде қосымша стационар дайындалуда. «Өкпенің қабынуы дерті 15 маусымнан бастап көп тіркелді. Маусым айының алғашқы аптасынан бері науқастар саны 6 есе өскен. Науқастар үшін ауруханалардың бәрі дайындалды. Қазір туберкулезге қарсы диспансерге дезинфекция жасалып, онда жатқан адамдардың кейбірі үйіне шығарылды. Ал 55 адам Темір ауданы диспансеріне жіберілді. Оларға қажетті дәрігерлер де ауданға барып, ем жүргізеді. Өзге дәрігерлер жұмысын жалғастырады. Диспансер ертең қабылдауды бастайды. Мұнда 400 кереует бар», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова. Айта кетейік, бұған дейін өкпенің қабынуы дертінен 18 адам көз жұмды. Соңғы тәулікте тағы 4 адам қайтыс болды. Қазір 10 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.