«Астана су арнасы» заңға қайшы әрекеті үшін жауап береді
«Астана су арнасы» заңға қайшы әрекеті үшін жауап береді
295
оқылды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті «Астана су арнасы» МКК-ге қатысты тергеу жүргізуде. Департаментке «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан астаналық құрылыс салушылардың бірінің қосалқы мердігерінің шағымы бойынша «Астана су арнасы» МКК әрекеттеріне, атап айтқанда, суық және ыстық су есептегіштерін орнатудан бас тартуы туралы хат келіп түсті. Тұрғын үй кешенінде ішкі инженерлік желілерді салуға қосалқы мердігерде «Астана су арнасы» МКК-нан автоматты есептегіш жүйесімен су есептегіштерін орнатуға келісім алу мәселесі туындаған. Департамент өз тарапынан «Астана су арнасы» МКК-ға үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберді. Департамент қызметкерлері жоғарыда аталған хабарламаның орындалмағаны үшін «Астана су арнасы» МКК-ға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 10) тармақшасына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану негізінде нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау бойынша тергеу бастады. Тергеу аясында Департамент тиісті хаттар жіберді және сараптама тағайындалды. Тергеу аяқталу сатысында қорытындының жобасы тергеу объектісіне тапсырылды.