25 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасы бекеттерінде жұмыс уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
«Өткізу пунктерін жабу Қытай Халық Республикасында Күріш күні тойлануына байланысты Қытай тарапы бастамасымен қолға алынып отыр», – делінген хабарламада.
Азаматтар мен жүк көліктерін өткізу 26 маусымнан бастап жалғасады.