Қарақшылар күзетшілердің қаруы мен алып келе жатқан қомақты қаржысын қолды қылған, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Телеарнаның хабарлауынша, күдіктілер қорғау қызметінің көлігін басқа машинамен бетпе-бет соғып тоқтатыпты. Куәгерлердің айтуынша, «ВАЗ-2110» көлігінен қаруы бар екі жігіт жүгіріп шығып, күзет көлігін тінтіп, содан кейін қашып кеткен. Олар күзетшілер ірі компанияның тапсырысымен алып келе жатқан қомақты соманы қолды қылған. Онымен қоса қару-жарақтарын да ала кеткен. Алматы қаласының тіркеуіндегі нөмірі бар автокөліктерін оқиға орнында қалдырған. Ол ұрланған көлік болуы мүмкін. Ал екі күзетші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полицейлер қарақшыларды іздеп жатыр.
Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков: «Қылмысты ашу және күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Қылмысты ашқаннан кейін нақтырақ айтуға болады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат айтылмайды», – деді.