Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды, – деп хабарлайды primeminister.kz.
Мемлекеттік комиссия шешімне сәйкес, азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:
Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;
Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;
Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;
65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу енгізілді.